К 30-летию Независимости Казахстана | 07 қазан 14:33

Теміржолмен көмір тасымалдау көлемі артты

Көмір операторларының қоймаларында халық үшін шамамен 582 мың тонна көмір сақталады.

2024 жылдың қыркүйегінде темір жол көлігімен 1 млн тоннадан астам тас көмір жеткізілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14% артық.

Мамырдан қыркүйекке дейін жылыту маусымына дайындық кезінде 2,7 млн тоннадан астам көмір тиелді. Көмір операторларының қоймаларында халық үшін шамамен 582 мың тонна көмір сақталады.

Барлық жөнелтілімдер вагондардың қажетті санымен қамтамасыз етілген, процесс ҚТЖ бақылауында. Жылыту маусымының тұрақты өтуі үшін Министрліктің, әкімдіктердің және көмір өндіруші кәсіпорындардың қатысуымен күнделікті кеңестер өткізіледі.