Аталмыш сайыс 60 және одан жоғары жастағылар арасында өткізілгенімен, жиналғандардың барлығы дерлік зейнеткер теміржолшылар болатын.
Қарттардың карантиндік шектеулер кезінде бір-бірін сағынысқаны спорттық шара барысында байқалып тұрды. Тартысты өткен сайыс нәтижесі бойынша жасының жетпісті алқымдағанына қарамастан көп ұпаймен бас жүлдені Владимир Радченко жеңіп алса, Жұмағали Жакупжанов пен Виктор Анфалов 2 және 3-орындарды өзара бөлісті.
Жарыстың соңында барлық жеңімпаздар кәсіподақ ұйымы әзірлеген арнайы ақшалай сыйлықтармен марапатталып, мақтау грамоталарын иеленді.