К 30-летию Независимости Казахстана | 09 тамыз 10:07

Теміржолшы халықаралық турнир жеңімпазы атанды

Турнирге 26 елдің спортшылары қатысты.

Қостанай вагон пайдалану депосының Железорудное ӨТБ жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарі Мирас Баршылықов Румынияда грек-рим және еркін күрестен өткен Ion Corniani Ladislau Simon ірі халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.

Турнирге 26 елдің спортшылары қатысты. Мирас Баршылықов 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Мирас – Қазақстанның үш мәрте чемпионы, екі мәрте күміс жүлдегері. Ол спорт шебері және грек-рим күресі бойынша ҚР ұлттық құрамасының мүшесі.