К 30-летию Независимости Казахстана | 04 қаңтар 13:00

Теміржолшылар 46 мың текше метрден астам қар күреді

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның барлық құрылымдық бөлімшелері ауа-райының қиын жағдайларында пойздар қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету шараларын қабылдауда. Теміржол инфрақұрылымын қардан тазарту бойынша жұмыстар үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлады Rail-news.kz.

Өткен тәулікте темір жолдарынан 46 мың текше метрден астам қар жиналды. 3700 шақырымнан астам теміржол төсемі тазартылды. Жұмыстарға 2593 қызметкер жұмылдырылды. Магистральдық желілерге қар тазалау және қардан аршу техникасының барлық түрлерімен 41 рейс жүзеге асырылды.

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты пойыздар қозғалыс кестесінде өзгерістер болуы мүмкін.