К 30-летию Независимости Казахстана | 22 қазан 10:00

Теміржолшылар арасында екпе алу жалғасып жатыр

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-да екпе қабылдау қарқыны бәсеңдеген жоқ. 2021 жылғы 21 қазанындағы мәліметтер бойынша 90 мыңнан астам теміржолшы вакцина алған. Тек соңғы аптада 300-ден астам адам екпе алғандар қатарына қосылды.

Локомотив және пойыз бригадаларының қызметкерлері, диспетчерлер, билет кассирлері, жол жөндеушілер, вагон тексерушілер вокзал және өзге  де жерлерде жұмыс істейтіндер өз айналасындағылары мен жақындарын тек ковидке қарсы вакциналар ғана коронавирустан басты қорғаныс екенін түсінуге шақырып жатыр.

Жалпы, Компания бойынша бірінші компонентті алғандардың жалпы көрсеткіші 82,9% құраса, екіншісін алғандар - 79,5%.

Өңірлер бойынша көшбасшылар арасында Орал, Қызылорда, Алматы және Шымкент тұр.