Акцияға қатысушылар жазда демалушылар қалдырып кеткен қоқысты қаптарға жинады. Теміржолшылар мұндай шаралар елордадағы экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретініне сенімді.
Қоқыс жинау науқаны теміржолдағы жалғыз экологиялық бастама емес. Еліміздің барлық өңірлерінде «Ағаш отырғыз» акциясы өткізілуде. Әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік нысандар аумағында жасыл желектер отырғызылуда. Сондай-ақ, жол бөлімшелерінде «Қалдықтарды жинап, қайта өңдеуге тапсыр» экологиялық марафоны өтуде. Іс-шара жыл соңында аяқталады.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-да биылғы жыл экологиялық мәдениет жылы болып жарияланды. Ол «Планетаны таза ұста – оны өзіңнен баста» ұранымен өткізілуде. Басты мақсат – экологиялық қауіпсіздікті сақтау мен қызметкерлердің денсаулығына қамқорлық жасау.