К 30-летию Независимости Казахстана | 24 мамыр 09:27

Теміржолшылар екпе алуда екпінді

Covid-19-ға қарсы вакцина алған «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ қызметкерлерінің саны күн сайын артып келеді.

Күн сайын «Солтүстік» өңірлік филиалының» астаналық учаскесінде 20-30 теміржолшы егіледі. Бұл филиалда 223 қызметкер вакцинаның бірінші компонентін салдырды.

«Жолсеріктердің жұмысын үйлестіреміз. Олар үнемі жолаушылармен қарым-қатынаста болады. Сондықтан екпе алудың маңызы жоғары. Қазір 495 жолсерігіміз болса, солардың 100-і екпе алып үлгерді», - дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Солтүстік» өңірлік филиалының жұмыс үйлестірушісі Гүлмира Жақсыбекова.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от АО «НК «Қазақстан темiр жолы» (@railways.kz)