"Жаңа экологиялық кодекс «ластаушы төлейді» қағидатты қарастырады. Осыған байланысты қоршаған ортаға нормативтен тыс эмиссиялар үшін әкімшілік санкциялар ұлғайтылып, экологиялық бұзушылықтарға санкциялар қатаңдатылды. Бұл темір жол тасымалдарының экологиялық қауіпсіздігі деңгейін арттыру және табиғи жүйелерді сақтау үшін үлкен ынталандыру", – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің бас менеджері Сағат Қабиев.
Темір жолда қоршаған ортаға теріс әсерді азайту жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстың басты мақсаты – экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және адамдардың денсаулығына қамқорлық жасау.
Аталған тәсілдерді іске асыру үшін 2021 жылға компанияда объектілерді ҚР Экология заңнамасы талаптарына сәйкес келтіру, ластануды жою бойынша іс-шаралар жоспарланған. Бұл ретте "жасыл технологияларға", сондай-ақ теміржолшылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға басымдық беріледі. Атап айтқанда, "Тал отырғыз", "Бірге – Таза Теміржол", "Табиғатты сақта – батарейканы тапсыр" экологиялық акциялары және "Қоршаған ортаны қорғау" эко-сағаты жоспарланған.