Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарының теміржол учаскелерінде вибропантографтармен жабдықталған локомотивтер жұмыс істейді, олардың көмегімен контактілі сымдарды мұздан тазарту қамтамасыз етіледі. Алғашқы локомотивтер түнде рейске шықты.
Қазіргі уақытта 10 бірлік техника тиімді жұмыс істеуде. Семей бөлімшесінде ауа-райының бұзылуымен күресте қар тазалайтын машиналар жұмылдырылған.
ҚТЖ диспетчерлік қызметі техниканы уақтылы діттеген жеріне жеткізу үшін ауа-райын үнемі қадағалап отырады.
Пойыздар қозғалысы штаттық режимде жүзеге асырылады. Қолайсыз ауа-райына байланысты теміржолшылар азаматтардан абайлауды, ұқыпты болуды және теміржолда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.