Астанада өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңінде үздік деп танылған 19 отбасының қатарында теміржолшы Жұмашевтар отбасы да бар. Олар «Дарынды отбасы» номинациясының жеңімпазы атанды! Ләззат Жұмашева – «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы «Қазтеміртранс» АҚ-да табысты қызмет ететін тәжірибелі теміржолшы, бес баланың анасы. Жолдасы Арнұр – заңгер, жеке кәсіпкер. Жұбайлар 18 жыл бойы бір шаңырақ астында береке мен бірлікті, отбасылық құндылықтарды насихаттап келеді. Балалары – Ақсұлтан, Алдияр, Амина, Амира және Алимхан – білім мен өнерде, театр мен қоғамдық істерде белсенді, түрлі байқаулардың жеңімпаздары. Соңғы жылдары отбасылық дәстүрге айналған іс – балалармен бірге бақша егу. Ал биыл тұңғыш рет отбасылық тимбилдинг өткізуді жоспарлап отыр.