К 30-летию Независимости Казахстана | 13 ақпан 09:10

Теміржолшылар жолда қалған 600 адамға көмектесті

«Жолаушылар тасымалы» АҚ қар басқан жолдардан эвакуацияланған 600-ден астам адамды тасымалдады.

Қар, боран, жолдардың жабылуы жағдайында «ҚТЖ» ҰК» АҚ қар басқан жолдардан эвакуацияланған адамдарды теміржол көлігімен қауіпсіз жерге тасымалдады.

Соңғы 24 сағатта Тараз-Шымкент учаскесінде жолаушылар пойыздарымен 600-ден астам адам тасымалданды:

№71 «Астана-Шымкент» – 125 жолаушы; №56 «Көкшетау-Қызылорда» - 250 жолаушы; №21 «Семей-Қызылорда» – 79 жолаушы; №23 «Алматы-Ақтөбе» – 192 жолаушы; №1 «Алматы-Ташкент» – 35 жолаушы.