Станция мен депо қызметкерлері темір жолда болу ережелерін үнемі түсіндіріп отырады. Іс-шараның басты мақсаты – қауіпті аймақта азаматтардың жарақаттануы жағдайларының алдын алу.
Теміржолшылар темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өтетін адамдар нақты апат әкелетінің айтады. Бейқам жаяу жүргінші үшін жолдың қысқаруы уақыт үнемділігі емес, ауыр зардаптарға әкеледі.
Желілік полиция, әскерилендірілген күзет, магистральдық желі қызметкерлерімен бірлесіп, қаңтар-наурыз аралығында темір жолдары арқылы адамдардың жаппай өтуіне рұқсат етілмеген орындарға 380-ге жуық рейд жүргізілді. Алғашында тәртіп бұзушыларға ескерту жасалды, сонымен қатар оларға теміржолдың қауіптілігі жоғары аймақ екендігі туралы дәрістер оқылды. Темір жолдармен жүруге тыйым салынады, бұл үшін арнайы белгіленген және жабдықталған орындардан: жаяу жүргіншілер өткелдерінен, көпірлерден, тиісті белгілермен белгіленген жерлерден ғана өту керек.
Темір жол жанында құлақаспапта болуға, жылжымалы құрамның астына өтуге, келе жатқан немесе жөнелтілген пойыз жанымен жолаушылар платформасы бойымен жүгіруге, вагондарға жабысуға тыйым салынады.
Ұқыпсыздық пен теміржол ережелерін сақтамау денсаулықтан айырылу мен кейде өлімге де әкелуі мүмкін.