Шалқар вагон депосы наурыз мерекесі аясында өткен 10 күндік іс-шара жоспарына сай «Игі істер» күнін, расымен, игілікті де сауапты шараға айналдырды. Шалқардағы теміржол мекемелері аудан орталығындағы техникалық колледж ауласына киіз үй тігіп, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Жиналған қаражатқа көпбалалы отбасынан шыққан колледж студентіне екі бөлмелі пәтер сатып алынды.
Мерекелік шараға барлық ұжым мүшелері қазақтың ұлттық киімін киіп келіп, мереке ажарын аша түсті. Аулаға ағаш үй тігіліп, мал сойылып, қазан асылды, наурыз көже пісірілді. Теміржолшылар ауыл-ауылға бөлініп, ұлттық дәстүрімізге негізделген қыз ұзату, бесікке салу, қырқынан шығару дәстүрлерін сахналап, ойындар ойнатылды.
Ардақ Ерубаева
Дереккөз: «Қазақстан теміржолшысы»