К 30-летию Независимости Казахстана | 04 тамыз 08:33

Теміржолшылар ҚТЖ 25 жылдығына арнап бейнебаян түсірді. Видео

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ филиалының Жүйелік жобалар бөлімінің қызметкерлері өлең құрастырып, оған бейнебаян түсірді. «Теміржол және мен» әні «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 25 жылдық мерейтойына арналған барлық қызметкерлеріне тарту болды.

Компанияның мерейтойына арналған әнге бейнебаян түсіру идеясы департамент басшысы Нұржан Өтеновке тиесілі. Сөзің Қаракөзайым Жылқыбаева жазды. Бейнебаян түсіруге департаменттің шығармашылық тобы қатысты.

«Барлық теміржол көлігі қызметкерлерін теміржолшылар күнімен құттықтаймыз. Барша ұжымның атынан кәсіби қызметіңізге табыс тілейміз. Кең байтақ еліміздің ұлан-ғайыр жерін біріктіретін темір жол өркендей берсін», – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы Жүйелік жобалар бөлімінің басшысы Нұржан Өтенов.