К 30-летию Независимости Казахстана | 27 қазан 09:02

Теміржолшылар қысқа дайын

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ кәсіпорындарында алдағы қысты алғаш рет темір жолда өткізетін 3 300-ден астам жұмыскерді даярлықтан өтті. Компания теміржолшылардың осы санатына ерекше көңіл бөліп отыр.

Қысын жұмыста алғаш өткізетіндердің барлығы: машинистер мен олардың көмекшілері, жол монтерлері, электр механиктері, пойыз құрастырушылары, өткел және теміржол станциялары бойынша кезекшілер арнайы оқудан өтіп, сол алған біліктері мен білімдерін жұмыс орындарында қолданатын болады.

Семинарлар мен тәжірибелік оқытуларда олар төмен температура жағдайындағы жұмыс ерекшеліктерімен таныстырылды. Сондай-ақ, қыста қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттануды болдырмау, штаттан тыс жағдайда дұрыс шешім қабылдау үшін қажетті дағдыларға оқытылды.

Әрбір «алғашқы қысын өткізушіге» тәжірибелі қызметкерлер қатарынан тәлімгер бекітілген.