К 30-летию Независимости Казахстана | 28 тамыз 10:07

Теміржолшылар үшін қашықтағы разъездерде жылжымалы-блокты ғимараттар орнатылады

Желілік кәсіпорындар өндірістік персонал қызметкерлерінің тиісті демалысын қамтамасыз ету ҚТЖ басым мәселелерінің қатарында.

Жұмыскерлердің вахталық бригадаларының тұруы үшін қолданыстағы модульдік ғимараттарды жаңарту шеңберінде 534 жылжымалы-блокты ғимараттарды сатып алу жоспарлануда, олар алыс разъездерде және жақын маңда тұруға арналған кенттер жоқ станцияларда орнатылатын болады.

Сатып алынатын жылжымалы-блокты ғимараттар қажетті жабдықтармен (ауа баптағыш, су жылытқыш, электр плитасы және т.б.), тамақ ішуге және демалуға арналған жиһаздармен, ыдыс-аяқтармен және төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз етілетін болады.