Кеңейтілген кеңесте компанияның Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев: «Еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік тұрақтылықты қолдау мақсатында біз үшін қызметкерлердің еңбек жағдайларының тиісті деңгейін қамтамасыз ету маңызды мәселе», – деп атап көрсетті.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ әрқашанда өз қызметкерлеріне кең ауқымды жеңілдіктерді қамтитын әлеуметтік пакет ұсынып келеді. Осы мақсатқа арналған бюджет жыл сайын ұлғайып отыр.
Қызметкерлердің құқығын қорғау, еңбекақы төлеу, еңбекті қорғау, басқа да әлеуметтік кепілдіктер Ұжымдық келісім-шартпен бекітілген. Бүгінгі кеңейтілген кеңесте айтылғандай, қызметкерлерге уақытылы қосымша ақылар мен үстемеақыларға, сапалы арнайы киіммен қамтамасыз етуге, қолайлы еңбек жағдайларын жасауға ерекше назар аудару қажет.