К 30-летию Независимости Казахстана | 11 қазан 15:25

Теміржолшылардың демалуына арналған 100-ден астам жылжымалы ғимарат орнатылады

Биыл теміржолшылардың демалуына арналған 100-ден астам жылжымалы ғимарат орнатылады

Бүгінгі таңда магистральдық желінің Ақмола, Қостанай, Семей, Ақтөбе, Атырау бөлімшелерінің жол шаруашылығы кәсіпорындарында 29 модульдік ғимарат орнатылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін ҚТЖ желісінде 102, 2024 жылы 113 пайдалануға дайын болады.

Магистральдық желі дирекциясы кәсіпорындарының қажеттілігіне қарай сыйымдылығы 8-ден 10 адамға дейінгі модульдер орнатылуда.

Жылжымалы ғимараттарды монтаждау қысқа мерзімде жүзеге асырылады. Орнатудың қарапайымдылығына қарамастан, барлық қажетті инженерлік коммуникациялар мобильді ғимараттарға қосылады. Сонымен қатар, олар жиһазбен, тұрмыстық техникамен, душ кабиналарымен және қиын климаттық жағдайларда да теміржолшылардың жайлы тұруы үшін қажет басқа да заттармен жабдықталған.