«Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, қор биржалары мен брокерлік-дилерлік ұйымдарының өкілдері ҚТЖ және оның еншілес ұйымдары қызметкерлеріне ұлттық компаниялардың акцияларын сатып алу мүмкіндіктері, бағалы қағаздарды сату тетіктері және инвестициялау тәуекелдері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Қазақстанның кез келген азаматы акцияларды сатып алуға, ірі компаниялардың тең иесі атануға және инвестициялаудан пайда табуға ие бола алады. Қазақстандықтар акцияларды сатып алуға пошта бөлімшелері мен брокерлік-дилерлік ұйымдар арқылы өтінім бере алады.
Спикерлер кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, алаяқтар туралы ескертті және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.