К 30-летию Независимости Казахстана | 24 қазан 14:12

Теміржолшыларға мемлекеттік және партиялық наградалар табысталды

Республика күні қарсаңында теміржолшылар көлік саласы мен елдің дамуына қосқан елеулі үлестері үшін мемлекеттік және партиялық наградалармен марапатталды.  

Салтанатты жиында "Самұрық-Қазына" АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов "Kazlogistics" ЗТБ бас директоры Қанат Әлмағамбетовке "Парасат" орденін табыс етті. "Құрмет" орденінің иегері магистральдық желі Семей бөлімшесінің жол бригадирі Николай Санков болды.

"Ерен еңбегі үшін" медальдары магистральдық желі Қарағанды бөлімшесінің жол шебері Болат Бекеновке, Павлодар жүк тасымалдау бөлімшесі Павлодар технологиялық орталығының бастығы Бақыт Жансақбаеваға табысталды.

"Белсенді қызметі үшін" партиялық наградасымен Павлодар магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Қанат Сатабаев марапатталды.