К 30-летию Независимости Казахстана | 17 қараша 00:02

Теміртаудағы металлургия комбинаты газға көшіріледі

ҚР Энергетика министрлігі, «ҚазТрансГаз» АҚ және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Теміртау металлургия комбинатына тауарлық газды жеткізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды SKnews «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Меморандумның мақсаты «Сарыарқа» магистральдық газ құбырына қосу арқылы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-тың өндірістік қызметі процестеріне оң әсер беруге және қоршаған ортаның жай-күйіне ықпал етуге мүмкіндік беретін жағдай жасау болып табылады. Меморандум тараптардың ұзақ мерзімді өзара тиімді әріптестігін нығайтуға бағытталған және әрі қарай ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін анықтайды.

Меморандумға қол қою рәсіміне ҚР энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев, «ҚазТрансГаз» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Сулейманов және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Биджу Наир қатысты.

 

Меморандум шеңберінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-қа жалпы жылдық көлемі 300 млн текше метрден 600 млн текше метрге дейін 15 жылдан кем емес кезеңге тауарлық газды жеткізу бойынша ынтымақтастық орнату жоспарлануда.

Металлургиялық комбинатты табиғи газға ауыстыру және басқа да экологиялық іс-шараларды іске асыру арқылы қол жеткізілетін экологиялық әсер зиянды эмиссияны жылына 6 640-тан 49 230 тоннаға дейін жоспарлы азайту болып табылады. Өз кезегінде бұл аймақтағы экологиялық жағдайды айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.