Егер бұған дейін тендерлерді өткізу 65 күнге дейін созылса, мерзімдерді оңтайландырудың нәтижесінде бұл шара енді шамамен 38 күнді құрамақ.
Мәселен, zakup.sk.kz жаңа электронды сатып алу порталында келесі шаралардың мерзімдері қысқартылған: сатып алуды хабарлау, тендерлік өтініштерді жинау 15 күннен 10 күнге дейін, өтініштерді қайта қарау 10 күннен 5 күнге дейін ықшамдалған. Келісімшарт жасасу шарасы енді 10 күннің орнына 5 күнді алмақ.
Жалпы «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма басшысы Ахметжан Есімовтің тапсырмасы бойынша біліктілік бойынша алдын ала іріктеуден өту шарасының мерзімі 45 күннен 18 күнге дейін 2,5 есе, тендерлерді өткізу шарасы екі есе, ал баға ұсынысын сұрау арқылы өтетін сатып алулар 21 күннен 15 күнге дейін оңтайландырылған.