2023 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ нысандарын пайдалана отырып, Ақтау портында танкерлерге мұнайды тиеу көлемі 3 млн 376 мың тоннаны құрады, оның ішінде «Баку-Тбилиси-Джейхан» бағыты бойынша 1 млн 057 мың тонна болды.
2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзірбайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кен орнынан «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағыты бойынша жылына 1,5 миллион тоннаға дейін мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасады.