Бұдан басқа, отырыс барысында Қауымдастық қатары қызметін өңірдегі көлік логистикасы саласында жүзеге асыратын 21 компаниямен толықты.
Бұл жайт Қауымдастық қызметіне деген сенімділікті білдіріп, пікір алмасудағы диалог алаңын кеңейтуге және көлік саласының әлеуетін кеңейту бойынша іс-қимылдар үшін бірыңғай ұстаным қалыптастыруға мүмкіндік береді.
ТККҚ 2008 жылғы 21 қарашада құрылып, Қазақстан Республикасы, сондай-ақ сырт елдер шегінде де теңіз көлігін пайдалана отырып, түрлі жүк логистикасы және тасымалдау үдерісіне тартылған мекемелер мен кәсіпорындар үшін аса қолайлы жағдай жасауды мақсат етеді.
ТККҚ – бұл туындаған мәселелерді мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен шешуде ортақ ұстанып қалыптастыратын теңіз қоғамдастығы мүшелерінің, ниеттестердің бірлестігі.