К 30-летию Независимости Казахстана | 09 шілде 09:45

Теңізшевройл қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға 4 млрд доллар бағыттады

2023 жылы ТШО қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға шамамен 4 млрд. АҚШ доллар жұмсаған, бұл жалпы шығындардың 70% құрайды.

«Теңізшевройл» компаниясы (20% үлесі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға тиесілі) Қазақстанның мұнай-газ саласы мен экономикасын дамытуға ғана емес, сонымен қатар отандық тауар өндірушілер мен түрлі қызметтерді жеткізушілердің дамуына өз үлесін қосуда. 2023 жылы ТШО қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға шамамен 4 млрд. АҚШ доллар жұмсаған, бұл жалпы шығындардың 70% құрайды.

Соңғы 30 жылда ТШО компаниясы жүздеген мың жұмыс орындарын құрып, сондай-ақ жергілікті тауарлар мен қызметтерді пайдаланды, бұл өз кезегінде Атырау облысында ғана емес, Қазақстанның басқа да облыстарында экономикалық белсенділікті арттырды.