К 30-летию Независимости Казахстана | 11 қаңтар 08:26

Теңізшілер дайындығы тастүйін

Кемелер мен өндірістік қызметкерлердің қауіпсіз және сапалы жұмыс жасауына жағдай жасау – әрқашан «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК бірінші басшысының қызметіндегі басты басымдықтардың бірі.

ҚТКФ Бас директоры Оржанов Айдар Есенжанұлы жұмыс сапарымен Баутино базасындағы Қазақтеңізкөлікфлотының кемелерінде болып қайтты.

Сапар барысында ол «Барыс» көпфункционалды кемесі мен «Ырғыз» теңіз сүйреткішінде болып, теңізшілермен кездесті, барлық ағымдағы жағдайлармен танысты. Өндірістік қызметтің бірқатар мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында теңізшілердің ағымдағы қызмет жағдайлары жөніндегі баяндамасы тыңдалды.

Өткен жылды қорытындылай келе, Айдар Есенжанұлы ҚТКФ экипажының жұмысына оң баға беріп, 2021 жылға арналған міндеттерге тоқталып өтті және бірқатар нақты тапсырмалар берді.