Теміржолшылар өз елінің патриоттары ретінде батыс аймақтың тұрғындарын эвакуациялауға, бөгеттер салуға көмектесті, гуманитарлық көмек жинауға және таратуға қатысты, зардап шеккендерге қажетті қан тапсырды. Теміржолшылар Қапшағайдан Шұбарқұдыққа күрделі жүкті – жүк көтергіштігі 20 тонналық понтон-көпір паркін жедел жеткізуді ұйымдастыра отырып, өздерін көрсете білді.
Табиғи апатпен күресте көрсеткен кәсібилігі мен қосқан үлесі үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрінің грамотасымен ҚТЖ Тасымалдауды басқару автоматтандырылған орталығы диспетчерлік аппаратының ауысым бастықтары Ғалымжан Көшербаев, Ғалымжан Айтікеев, Бауыржан Қадырбаев, сондай-ақ ТБАО аға диспетчерлері Санат Жүрсін және Бақытжан Ахметов марапатталды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің алғыс хаттарын "ҚТЖ - Жүк тасымалы" ЖШС - "Тасымалдау процесін ұйымдастыру дирекциясы" филиалының директоры - Бас директордың м. а. Ербол Түсіпов, "Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директорының орынбасары Айбат Қанғалиев, "Жолаушылар тасымалы" АҚ атқарушы директоры Асхат Ақынбеков, Магистральдық желі дирекциясы жол және құрылыс департаментінің директоры Арман Бубиканов алды.
Марапатталғандар арасында "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС - "Алматы ЖТ бөлімшесі филиалының директоры Нұрым Жәниязов және "Шымкент ЖТ бөлімшесі” филиалының директоры Нұрдәулет Байғазиев, "ҚТЖ" ҰК" АҚ - “Ақмола магистральдық желі бөлімшесі" филиалының пойыздар қозғалысын басқарудың өңірлік орталығының басшысы Әділхан Дәкенов, “Алматы магистральдық желі бөлімшесі" филиалының пойыздар қозғалысын басқарудың өңірлік орталығының басшысы Айдос Тұрғалиев және "Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі" филиалының пойыздар қозғалысын басқарудың өңірлік орталығының басшысы Дархан Құланбаев, ҚТЖ бас менеджері - азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу бөлімінің бастығы Жәнібек Айманбетов бар.