К 30-летию Независимости Казахстана | 26 желтоқсан 16:45

TGV M пойызының соңғы буынын сынақтан өткізу басталды

Чехияда TGV M жүрдек пойызының бесінші буынын сынақтан өткізу басталды, деп хабарлады Rail-news.kz.

Сынақтан өткізу жұмыстарына осы пойызды жасап шыққан Alstom компаниясының мамандары және француз жолаушылар тасымалы операторы қатысып жатыр.  

Пойыз бірнеше сынақтан өтеді, соның ішінде 1500 В тұрақты ток және 25 кВ айнымалы токпен қамтамасыз етіліп 200 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтпек. Оған қоса тежеу жүйесі, электромагниттік үйлесімділік, сондай-ақ діріл мен шуды оқшаулау барысы да сыналады.

Жоғары жылдамдықты бұл пойызды 2024 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.  

TGV M пойызы 740 жолаушыға арналған, мұнда өткен моделдеріне қарағанда жолаушылар орыны 20%-ға жоғары.