К 30-летию Независимости Казахстана | 19 қыркүйек 17:45

ТХКБ бойынша транзит 20 есе өсті

"ҚТЖ" ҰК" АҚ басшылығыСианда (ҚХР) Транскаспий халықаралық көлік бағдары форумы аясында Шэньси провинциясының губернаторы Чжао Ган мырзамен кездесті.

Шаньси - 40 миллионнан астам тұрғыны бар Қытайдағы ең ірі провинциялардың бірі, ЖІӨ 470 миллиард АҚШ долларынан асады. Дәл осы провинцияда, Сиань қаласының құрғақ портында қазақстандық-қытайлық терминал салынды.

Бүгінде Құрғақ портта Қазақстан арқылы Еуропаға контейнерлік пойыздардың 30% қалыптастырылады. Осы портқа импортталатын жүктің 40% Қазақстаннан келеді. Сианьда ҚТЖ терминалдық мүмкіндіктерін пайдаланудың арқасында ағымдағы жылдың 8 айында ТХКБ бойынша транзит өткен жылмен салыстырғанда 20 есе өсті. Әзірбайжанға жеткізу мерзімі 11 күнге, Грузияға жеткізу 14 күнге дейін қысқарды.

 

Кездесуде құрғақ портпен бірлескен екі жобаға: Алматыда жаңа логистикалық орталық пен Мәскеу облысындағы (РФ) Селятино станциясында CRK Terminal логистикалық орталығы құрылысын салуға  ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, ТХКБ бойынша, оның ішінде Еуропада инфрақұрылымдық жобаларды дамыту перспективалары талқыланды.

Тараптар Қытайдың "Бір белдеу – бір жол" бастамасы аясындағы өзара іс-қимыл транзиттік тасымалдарды дамытуға және экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал етіп қана қоймай, екі мемлекет үшін де елеулі стратегиялық артықшылықтар туғызатынын атап өтті.