К 30-летию Независимости Казахстана | 04 мая 12:07

ТХКБ халықаралық көлік дәлізінің маңызды бөлігі жаңғыртылды

«Қазақстан Темір Жолы» компаниясы Алтынкөл – Жетіген бағытындағы негізгі теміржол учаскелерінің бірін жаңғыртуды аяқтады.

 

Атқарылған жұмыстар:

293 км теміржол инфрақұрылымы жаңартылды;

12 бөлек пункт пайдалануға берілді (бесеуі жаңадан салынды, жетеуі қайта жаңғыртылды);

жаңа қабылдау-жөнелту жолдары салынды;

басқарудың микропроцессорлық орталықтандыру жүйесі енгізілді.

Нәтижесі: Учаскенің өткізу қабілеті 80%-ға өсті. Бұл жүк тасымалының жылдамдығы мен сенімділігін арттырады. Жалпы, ел бойынша шамамен 3 000 км теміржол жаңғыртылуда, бүгінде оның 900 шақырымы жаңартылды.

Ақсу – Жаңа-Семей, Маңғыстау – Бейнеу, Бейнеу – Шалқар, Қандыағаш – Әлімбет, Никельтау – Тобыл учаскелерінде жұмыстар жалғасып жатыр.