Батыс аудандық қазандығының жобасы Алматы Халық шаруашылығы кеңесінің шешімімен 1961 жылы бекітілді. Ал 1962 жылы құрылысы басталды. Әуел баста ол салынып жатқан Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары дирекциясының құрамында болды. Қуаттылығы 75 тонна/сағат бірінші кезекте үш бу және екі су жылыту қазандығы салынды. Батыс аудандық қазандығы негізінен сол кездегі Алматы мақта-мата комбинатының қажеттіліктері үшін салынды.
1972 жылдан бастап 1996 жылдың тамыз айының ортасына дейін Батыс аудандық қазандық, Жаңа-Батыс қазандығы «Алматыэнерго» Алматы жылу желілері кәсіпорны жүйесіндегі мемлекеттік кәсіпорын болды.
1996 жылдың тамызында БЖК «Алматы Пауэр Консолидейтед» компаниясының меншігіне өтті. 2000 жылы Батыс аудандық қазандығы және Жаңа-Батыс қазандығы БЖК құрамына кірді. 2007 жылдың 15 ақпанынан бастап БЖК «Алматы электр станциялары» АҚ құрамында.
Құрылыс басталғаннан ақ БАҚ бу және су жылыту бөліктерін кеңейту жұмыстары жүргізілді. 1980 жылы 2-ЖЭО-мен бірге Орталық жылу тарату пункті және №6 сорғы станциясы іске қосылды. Бұл қаланың гидравликалық жылу режимдерін жақсартуға мүмкіндік жасады. Қаланы жылумен қамтамасыз ету сенімділігін нығайту үшін 2-ЖЭО, ОЖТП, БАҚ және 1-ЖЭО арасында байланыс орнатылды.
Жаңа-Батыс қазандығының жобасы 1983 жылы бекітілді. Құрылысы 1984 жылы басталды, ал 1989 жылы төрт жаңа эксперименттік сейсмикалық ыстық су қазандығы салынды.
2013 жылы БЖК-да қайта құру жұмыстары басталды. Жобаны әзірлеуге және қайта жаңартуды жүргізуге тапсырыс беруші Алматы қаласының әкімдігі болды.
Жалпы белгіленген жылу қуаты – 1100 Гкал/сағ, бу бөлігі бойынша-20 Гкал/сағ, оның ішінде ЖБҚ – 400 Гкал/сағ, БАҚ – 808 Гкал/сағ. Қолдағы жылу қуаты ЖБҚ – 300 Гкал/сағ, БАҚ – 608,8 Гкал/сағ (оның ішінде 20 Гкал/сағ бу бөлігі) барлығы – 908,8 Гкал/сағ құрады.
Бүгінде БЖК жабдықтың сенімді және қауіпсіз жұмысын, ғимараттар мен құрылыстардың, коммуникациялық жүйелердің жарамды жай-күйін қамтамасыз ету үшін жүктемелердің диспетчерлік кестесі бойынша жұмыс істейді. Жылу магистралі Алматы қаласының мыңнан астам пәтерлік үйлеріне жылу береді.
БЖК алдағы уақыттағы дамыту перспективасында 2023 жылы құны 35 млн теңге болатын ПТВМ-50 қазандығына газ құбырларында Fitch катализаторларын орнату жоспарлануда. Бұл газ шығынын жылына 360 мың текше метр дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. 2022 жылы БЖК аумағы жарықтандырылып, жаңғыртылады. Ескірген қыздыру шамдары жарықдиодты шамдарға ауыстырылады. НС-6-да сорғылар тобы үшін жиілікті реттеу жүйесін енгізу 2024 жылы жүзеге асырылады деп жоспарланған, бұл жылына 1 млн кВт-тан астам үнемдеуге мүмкіндік береді.
2022-2025 жылдары ЖЭО 2-БЖК жылу магистралін жаңғырту жоспарланып отыр. Қолда бар екі құбырлы жүйені 2-ЖЭО энергетикалық қондырғыларына қыздыру үшін желілік суды қайтаруды ұйымдастыра отырып, үш құбырлы жүйеге ауыстырылатын болады. Бұл жоба техникалық-экономикалық негіздеме сатысында тұр.