Тарифтік саясат 1996 жылғы қазанда ТМД басшыларының кеңесі бекіткен Достастыққа қатысушы-мемлекеттердің теміржол көлігіндегі келісілген тарифтік саясатты белгілеу тұжырымдамасының негізгі қағидаттарына сәйкес әзірленді.
Конференцияға қатысушылар «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, соңғы алты жыл ішінде тарифтік саясат істерін басқару міндеттерін атқаруы кезінде кәсібилік пен жауапкершілік таңытқандарын атап көрсетті.
2022 жылы Тарифтік саясатты басқару функциялары Украинаның теміржол әкімшілігіне ауысады. Келесі Тарифтік конференция Молдовада 2022 жылдың қазан айында өтеді.
Тарифтік саясатпен «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС сайтында танысуға болады.