2009 жылдан бастап Түркі мемлекеттері ұйымының елдері арасындағы контейнерлік тасымалдар 2,4 есеге артып, 415 мың ЖФЭ құрады. Бұл ретте, контейнерлік әлеует 2030 жылға қарай 1 млн. ЖФЭ-ге бағалануда.
ТМҰ-ға қатысушы елдер темір жолының ұзындығы 45 мың км - ден асады. Сарапшылар инфрақұрылым қарқынды дамып келе жатқанын атап өтуде. 2009-2022 жылдар аралығында 8 мың км-ге жуық темір жол салынды және 7,6 мың км-ден астам электрлендірілді. 2030 жылға дейінгі даму жоспарында темір жолдардың ұзындығына 23 мың км-ден астам қосылып, электрлендіру 20 мың км-ден астам аумақты қамтиды.
ТМҰ-ға қатысушы елдер темір жол көлігімен жүктерді тасымалдаудың жыл сайынғы жалпы көлемі 450 млн. тоннадан асады. 2022 жылы ТМҰ елдері арасында жүктерді экспорттық тасымалдау көлемі – шамамен 50 млн. тонна. Қолданыстағы жүк ағынын 2030 жылға қарай 45%-ке (72 млн.тоннаға дейін) ұлғайту жоспарлануда.