К 30-летию Независимости Казахстана | 07 ақпан 11:38

Тоқаев: Әбдіжәміл Нұрпейісов ұлт руханиятының көшбасшысы болды

Сенбі күні қазақтың көрнекті жазушысы, Қазақстанның​ Еңбек​ Ері,​ Халық​ жазушысы,​ Ұлы​Отан​ соғысының​ ардагері​ Әбдіжәміл Нұрпейісов 97 жасында өмірден өтті. Бүгін Алматыда қаралы қауым жазушыны соңғы сапарға шығарып салды.

Қаралы жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Карин Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айту жеделхатын оқып берді.

«Әбдіжәміл​ Кәрімұлы​ –​ сұрапыл​ соғысты​ бастан​ кешіп,​ елге​ оралған​соң,​ қазақ​ әдебиетін​ өркендетуге​ сүбелі​ үлес​ қосты.​ ​Ұзақ​ жылғы​ шығармашылық​ қызметі​ жемісті​ болды. «Қан​ мен тер»​трилогиясы, «Соңғы​парыз» дилогиясы​ сияқты​ туындылары​ сыншылар​мен​ оқырмандар​ тарапынан​ жоғары​ баға​ алды. Заман​ жүгін​ көтерген​романдары​ әлемнің​ көптеген​ тілдеріне​ аударылды.​ ​Әбдіжәміл​ Кәрімұлының​ жаңа​ белесті​ бағындырған​ қазақ​ әдебиетін​шетелге​ танытуға​ сіңірген​ еңбегі​ орасан​ зор. Ол​ ұлт​ руханиятының ​көшбасшысы​ болды.​ ​Әбдіжәміл​ Нұрпейісов​ адам​ жанын​ терең​ түсінетін,​ түрлі​ тағдырдың​бейнесін​ көркем​ суреттей​ отырып​ оқырманға​ жеткізген​ ойлы,​ кең​тынысты​ жазушы​ болатын.​ Өмір​ бойы​ қолынан​ қаламы​ түскен​ жоқ» делінген президенттің көңіл айту жеделхатында.

Әбдіжәміл Нұрпейісов 1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы, Арал ауданының Құланды ауылдық кеңесіне қарасты Үшкөң деген жерде туған. 

1942-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1956 жылы Мәскеудегі Максим Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген, 1962-1964 жылдары "Жұлдыз" журналының бас редакторы болды. 1992 жылдан халықаралық Қазақ ПЕН клубының президенті, 2000 жылдан «Таң-Шолпан» журналы редакторлар кеңесінің төрағасы. 

Әдебиетке 1947 жылдан араласа бастады. Тұңғыш шығармасы – Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған «Курляндия» романы 1950 жылы жарық көрді. Бұл шығармасы үшін жазушыға Жамбыл атындағы республикалық сыйлық берілді. «Курляндия» романын кейіннен өңдеп, толықтырып, 1958 жылы «Күткен күн» деген атпен қайта жариялады. «Қан мен тер» трилогиясы (1-кітап – «Ымырт», 1961; 2-кітап – «Сергелдең», 1964; 3-кітап – «Күйреу», 1970) және «Сең» (1983), «Соңғы парыз» (1999) романдары дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылған. 

КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). 2001 жылы Мәскеудегі Халықаралық Әдеби қордың «За честь и достоинство», 2003 жылы Халықаралық Шолохов атындағы сыйлықтардың лауреаты атанды. Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі», «Халықтар достығы» (1984), «Отан» (1994) ордендерімен және медальдармен, РСФСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет Грамотасымен марапатталған. 1985 жылы Қазақ КСР Халық жазушысы құрметті атағы берілді.