К 30-летию Независимости Казахстана | 11 қаңтар 11:00

Тоқаев: жанар-жағармай бағасын жарты жыл бойы қолдан реттеуге мәжбүр болып отырмыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жанар-жағармай бағасын реттеуге қатысты пікір білдірді.

«Жылдан жылға біздің азаматтарымыз бен кәсіпкерлеріміз жанар-жағармай өндіру және оны бөліп тарату жүйесінің ашық болмауынан зардап шегіп келеді. Тіпті, жанар-жағармай бағасын жарты жыл бойы қолдан реттеуге мәжбүр болып отырмыз. Осы кезеңде Бас прокуратура Бәсекелестікті қорғау және даму агенттігімен, сондай-ақ Энергетика министрлігімен бірлесіп, осы саладағы жұмыстарды ретке келтіруге, оны реформалау үшін кешенді ұсыныстар әзірлеуге тиіс. Егер бұл жұмыс бір жолға қойылмаса, жанар-жағармай бағасын реттеу жүйесі сақталады», - деді Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында.