К 30-летию Независимости Казахстана | 30 шілде 16:48

Төрт жылда ҚМГ құбырларына заңсыз қосылу фактілері тіркелген жоқ

«ҚазТрансОйл» АҚ құқық қорғау органдарымен тығыз қатынас орнатып, компанияның құбырларына заңсыз қосылу жағдайын өзгертті.

Соңғы төрт жылда магистралды құбырларға заңсыз қосылу фактілері нөлдік көрсеткішке дейін азайтылды (2019 жылы 2 заңсыз қосылу анықталды, залал 6,4 млн теңгені құрады; 2020 және 2021, 2022, 2023 жылдары заңсыз қосылу фактілері тіркелген жоқ).

Осы көрсеткіштерге мынадай іс-шараларды орындау арқасында қол жеткізілді:

GPS-жүйелер бойынша мобильді топтардың жұмысына мониторингтік бақылауды күшейту және мобильді топтардың мұнай құбырларын шолып өтуді және шолып тексеруді уақтылы жүзеге асыруы; «Optosense» мониторинг жүйесі арқылы мұнай құбырларын күзету.