К 30-летию Независимости Казахстана | 21 қыркүйек 09:00

Төтенше жағдайға дайындық тастүйін

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою кезінде компания бөлімшелерінің қызметкерлерінен құралған «Богатырь Көмір» инженерлік командасының дайындығы «Богатырь Көмір» ЖШС автобазасының «Ковыльная» станциясында ашылған тактикалық-арнайы оқу-жаттығу барысында тексерілді.

Іс-шара «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде өтті. Байқау үшін салынған жеке құрам мен арнайы техниканы инженерлік команда командирі Сергей Захаровтың баяндамасынан кейін Екібастұз қаласының ТЖБ бастығының орынбасары Жомарт Майманов қарап шықты.

 

Оқу-жаттығудың аңызына сәйкес, «Богатырь Көмір» инженерлік командасы арнайы техникамен бірге Алматы облысы Іле ауданы Байсерке және Көктерек ауылдарындағы шартты жер сілкінісінің салдарын жоюға жіберілді. Техниканың бір бөлігі колоннамен аттанды, ал екі бірлігі – МТЗ-80 дөңгелекті бульдозері мен «ГАЗ» жанармай құюшысын теміржол платформасына тиеді.

Оқу-жаттығуды қорытындылай келе, Екібастұз қаласының ТЖБ өкілі Жомарт Майманов команданың үйлесімді және жедел іс-қимылын атап өтті, оның нәтижесі төтенше жағдай ауданына техниканы жылдам тиеу және жөнелту болды.