Қытай мен Еуропаны/Түркияны байланыстыратын мультимодальды көлік дәлізін дамыту үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ және «KTZ Express» АҚ бағдардың басқа қатысушыларымен бірлесіп тасымалдау көлемін ұлғайту, сервисті және жүктерді жеткізу жылдамдығын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізуде.
Қазіргі кезде Алтынкөл станциясынан Апшеронға (Баку) дейін жеткізу мерзімі 9 күнге дейін, Поти/Батумиге (Грузия) – 12 күнге дейін, Поти/Батуми арқылы Констанцаға (Румыния) 20-22 күнге дейін қысқарды.
2023 жылы ҚТЖ Әзірбайжан мен Грузияның теміржол әкімшіліктерімен Middle Corridor Multimodal Ltd. бірлескен кәсіпорнын құрды. Үйлестіруші оператор «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсете отырып және жеткізу мерзімі мен құнына кепілдік бере отырып, бағдарда мультимодальды сервисті дамыту жөніндегі жұмысты күшейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ҚТЖ ірі логистикалық халықаралық компанияларды тарта отырып, Каспийдегі порт және порт инфрақұрылымын белсенді дамытуда.
Сұлугүл Бакесова
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"