Тараптар көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық перспективаларын, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын және оған байланысты инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады. Ақтау портында үшмодальді жүк терминалын құру жобасына ерекше назар аударылды.
Rhenus Group – көлік және логистикалық қызметтерге, соның ішінде терминалдық және мультимодальді инфрақұрылымды басқаруға маманданған халықаралық логистикалық компания. Rhenus компаниясы 1996 жылдан бері Қазақстанда қызмет атқарады және экспедиторлық, логистикалық қызметтер көрсетеді.