К 30-летию Независимости Казахстана | 05 қазан 08:25

«Транскаспий дәлізі Орталық Азия үшін үлкен мүмкіндік». Шетелдік сарапшы пікірі

Nurminen Logistics PLC логистикалық компаниясының Президенті Олли Похьянвирта Астанада өтіп жатқан VI Халықаралық «New SILK WAY» көлік-логистикалық бизнес-форумында Транскаспий халықаралық көлік бағытында қызмет көрсететін компаниялар арасында бәсекелестікті арттыру үшін не қажет екенін айтты.

Аталған компания Еуропа мен Орталық Азияда жүк тасымалы саласында жұмыс істеп жатыр әрі Транскаспий дәлізі ашылғанда алғашқылардың бірі болып кірген ойыншы.  

«Біз құрғақ және теңіз порттарымен қатар жұмыс істеп жатырмыз. Негізінен Орталық Еуропадан осы аймаққа қажетті құрал-жабдықтарды жеткізіп береміз. Олар барлық талаптарға сай жүргізіледі. Транскаспий дәлізі Орталық Азия үшін үлкен мүмкіндік. Оның үстіне жүкті жеткізу жылдамдығы жоғары. Дегенмен, тасымал барысын оңтайландыра түсу үшін порт, темір жол және операторлармен әлі де жұмысты нығайта түсу керек. Өйткені бұл маршруттың мүмкіндік өте зор», – деді Олли Похьянвирта.  

Сонымен қатар ол ірі ойыншылар келіп, жүк тасымалының көлемі артқан сайын, оның бағасы да төмен бола түсетінін әрі ол әр тарапқа тиімді екенін атап өтті. 

Әділет Мұсахаев

Дереккөз: «Қазақстан теміржолшысы»