Бұл «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның Достық станциясын дамыту және Достық – Мойынты учаскесін жаңғырту шеңберіндегі екінші жобасы. Ол Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту үшін негізгі тізбек болып табылады.
Терминалды 2023 жылы іске қосу жоспарланып отыр. Бастапқы кезенде жылына 150 мыңға дейін контейнер жөнелту қуаты құрылады. Жүк айналымының өсімі бойынша терминал мүмкіндігі жылына 200 мыңға дейін контейнерге арттырылатын болады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан аумағы арқылы Еуропа – Азия бағытында трансқұрлықтық транзиттік жүк ағынын тарту үшін Достық станциясын дамытуға жіті назар аударып келеді.