Бұл технологияның басты артықшылығы - өткізу қабілеті мен ұтқырлығын көтеру арқылы тасымалдау тиімділігін арттыру. Контейнерлерді екі қабаттап тиеу бір рейсте көбірек жүк тасымалдауға мүмкіндік береді, бұл логистикалық шығындарды азайтуға және жеткізуді жеделдетуге көмектеседі.
Жоба «KTZE-Khorgos Gateway» Құрғақ портының, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС және контейнерлерді екі қабаттап жүктеуге бейімделген жаңа үлгідегі вагондарды ұсынған «ЗИКСТО» АҚ қатысуымен «KTZ Express» АҚ сәтті жүзеге асырды.
Пресс-служба АО «НК «Қазақстан темір жолы»