К 30-летию Независимости Казахстана | 14 наурыз 11:30

Тұрғын үй кезегіне тұру үшін жаңа платформаға тіркелу керек

Кезекте тұрғандарға қайта тіркелудің қажеті жоқ.

Қазақстандағы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің шешімімен тұрғын үй кезегі бірыңғай республикалық базасы өшірілді, деп хабарлайды Крыша.

Тұрғын үй кезегіне тұру үшін енді Kezekte ақпараттық қызмет көрсету платформасына тіркелуі қажет. Ал кезекте тұрғандарға қайта тіркелудің қажеті жоқ.

«Отбасы банк» жаңа платформамен интеграциялау жұмыстарын 1 сәуірге дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Осы кезеңде банк «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылардан қарыз алуға өтініштер мен өтінімдерді қабылдамайды. Десе де қабылдау мерзімін ұзартуға уәде береді.