К 30-летию Независимости Казахстана | 29 маусым 08:00

Түркістан – Шымкент – Ташкент жоғары жылдамдықты теміржол желісі салынады

Жаңа магистраль Қазақстан мен Өзбекстанды жалғайтын бірыңғай туристік бағыт болады.

Түркістан – Шымкент – Ташкент жоғары жылдамдықты теміржол желісін салу және жүк тасымалы бөлімшесін Шымкенттен Түркістанға ауыстыру мәселелері Түркістан облысының әкімдігінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің қатысуымен талқыланды.

Кеңеске «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Оралхан Құлақов, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының орынбасары Қанат Көбесов қатысты.

Жаңа магистраль Қазақстан мен Өзбекстанды жалғайтын бірыңғай туристік бағыт болады. Облысты дамытудың Кешенді жоспарына сәйкес жол 2024 жылы пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ, жиын барысында өңірлік деңгейде пойыздар қозғалысын басқарудың біріккен орталығын құру туралы сөз болды. Ол Алматы қаласында орналасады және төрт филиалдың, оның ішінде Шымкент жол бөлімшесінің диспетчерлік қызметтерін біріктіреді деп жоспарлануда.