«Кездесу барысында 2021 жылғы 21 маусымнан бастап Қазақстанның Fly Arystan әуе компаниясының «Түркістан-Ташкент» бағытында аптасына 2 рейспен (аптаның 1 және 4 күні) ұшатыны келісілді», – делінген Индустрия министрлігі мәліметінде.
Рейстер екі елдің санитарлық-эпидемиологиялық шараларын қатаң сақтай отырып орындалады. Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай түркі әлемінің мәдени астанасы – Түркістаннан ұшатын рейстер санын одан әрі арттыру жоспарланып отыр.