К 30-летию Независимости Казахстана | 18 қыркүйек 13:37

«Түркістан БГҚ» және «Aksa Energy Kyzylorda» өзара тәжірибе алмасуда

«Түркістан БГҚ» ЖШС өкілдері тәжірибе алмасу үшін Қызылордадағы «Aksa Energy Kyzylorda» компаниясының кеңсесіне барды. Осы облыс орталығында түрік инвесторлары қуаты 240 МВт электр энергиясы және сағатына 277 Гкал жылу энергиясы бар жылу энергиясы орталығын (ЖЭО) салу жобасын іске асыруда. «Түркістан БГҚ» делегациясы құрылысқа экскурсия жасап, жобаның іске асырылу барысымен танысты.

Кездесуде «Түркістан БГҚ» ЖШС Басқарма Төрағасы Аскар Кусаинов 1000 МВт БГҚ базасында электр станциясын салу жобасы, оның ерекшеліктері мен іске асыру кезеңдері туралы айтып берді.

Өз кезегінде, «Aksa Energy Kyzylorda» компаниясының басшысы Алган Сарачоглу кездесуде "Түркістан БГҚ"-ның энергия объектілерін салудағы тәжірибесі маңызды  екенін атап өтті, өйткені «Түркістан БГҚ» - ның басшылығы және инженерлік-техникалық құрамы осындай электр станцияларын салуда жақсы тәжірибеге ие.

 

Тараптар осындай кездесулердің оң сәттері мен тиімділігін атап өтті, өйткені Түркістан облысында 1000 МВт БГҚ және Қызылорда облысында 240 МВт БГҚ салу бойынша жобалар іске асырудың бірдей сатысында тұр, проблемалық мәселелер ортақ және тиісінше оларды шешудің ұқсас жолдары бар.

Басқарма Төрағасы Аскар Кусаинов «Aksa Energy Kyzylorda» басшыларын 2024 жылдың күзінде «Түркістан БГҚ» құрылыс алаңына шақырды.

 

Айта кететін жайт, Aksa Energy Түркиядағы электр энергиясын өндіру саласындағы ірі компаниялардың бірі болып табылады.