К 30-летию Независимости Казахстана | 29 апреля 15:01

«Түркістан БГҚ» ЖШС сыртқы электр желілерінің құрылысын бақылауды күшейтуде

28 сәуірде «Түркістан БГҚ» ЖШС басшылығы Басқарма төрағасы Ұлан Бүркітовтің жетекшілігімен және «Электромонтаж» АҚ өкілдерімен бірге 500/220 кВ сыртқы электр желілерінің құрылыс барысын инспекциялады.

 

Сапар барысында қатысушылар әуе электр беру желілерінің орнатылған тіректерін, анкерлік-бұрыштық тіректерді құрастыру және монтаждау учаскесін, сондай-ақ ӘЖ-ні қолданыстағы желіге қосу нүктесін қарап шықты. Бұл желілер салынып жатқан бу мен газ электр станциясының қуатын энергожүйеге беру үшін қажет.

Бірқатар учаскелерде жұмыстардың едәуір көлемі орындалды. 500 кВ «Жамбыл - Шымкент» ӘЖ бойынша жобада көзделген 154 км желінің 144 км сымы тартылды. 220 кВ «Шымкент - Қызылсай» ӘЖ бойынша 81 км-дің 78 км сымы тартылып, 54 анкерлік-бұрыштық және 120 аралық тірек орнатылды.

220 кВ «Шымкент - Састөбе» және «Шымкент - Бозарық» ӘЖ учаскелерінде тіректерді орнату, металл конструкцияларды, траверстер мен сатыларды құрастыру, сондай-ақ сымдарды монтаждауға дайындық жұмыстары жалғасуда.

 

«Егер мердігерлерде проблемалық мәселелер болса, оларды мерзімдердің бұзылуын күтпей, қазір көтеру қажет. Металл конструкциялар, жабдықтар мен материалдар бар. Қазіргі басты мәселе - учаскедегі адамдар санының жеткілікті болуы», - деп атап өтті Ұлан Бүркітов.

Инспекция қорытындысы бойынша мердігер ұйымдарға персоналды жұмылдыруды күшейту және жұмыстарды бекітілген кестеге сәйкес орындауды қамтамасыз ету тапсырылды.