Конференция «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасына және саланы дамытуға қазақстандық бизнестің қатысу мүмкіндіктеріне арналды. Оған ҚР Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына» тобына кіретін «Самұрық-Энерго» АҚ мен «KEGOC» АҚ компанияларының, шетелдік компаниялар мен салалық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
«Қазақстанның генерациялау қуаттарын дамыту: инвестициялық жобалар және инфрақұрылым» атты панельдік сессияда Ұлан Бүркітов жобаның негізгі бағыттарына тоқталды:
Станцияның маневрлік мүмкіндіктері, яғни электр энергиясын өндіру көлемін энергожүйенің қажеттілігіне қарай жедел өзгерту және күн мен жел электр станцияларындағы генерация ауытқуларын теңгеру; Қолданылатын жабдықтар мен сыртқы инфрақұрылым құрылысы; Станцияны кезең-кезеңімен пайдалануға беру; Siemens Energy компаниясымен бірлесіп Құзыреттерді дамыту орталығын құру және өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлары.Болашақ электр станциясы Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы электр энергиясы тапшылығын азайтуға, Қазақстанның оңтүстігін энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруға және өңірдің өнеркәсіптік дамуына қажетті қосымша қуат көздерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.