Түркістан облысында ең көп жайлы мектептер салынады. 2025 жылдың соңына дейін өңірде 63 білім ошағының құрылысы жоспарланған. Шымкентте - 18.
Қазір Түркістан өңірінде ұлттық жобаны іске асырудың бірінші кезеңі аясында 29 жайлы мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 19 нысан 1 қыркүйекте есігін айқара ашады, қалған 10 білім ошағы осы жылдың соңына дейін тапсырылмақ.
Шымкент қаласы бойынша 12 мектептің құрылысы басталып кетті. 5 оқу орны оқу жылы басталғаша пайдалануға берілсе, қалған 7 мектепті 2024 жылдың желтоқсан айында тапсыру жоспарланған.
Жиын қорытындысы бойынша Мәулен Айманбетов бірқатар тапсырма берді:
15 мамырға дейін барлық жайлы мектептердің ЖСҚ мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуын қамтамасыз ету; бетон, кірпіш және басқа да құрылыс материалдарын өздері шығаратын мердігерлер үшін эскроу-шоттар арқылы аванс төлеу мәселесін шешу. Түркістан облысы бойынша осындай үш мердігер бар; ұлттық жобаның экономикалық және заң блоктары тәуекелдерді басқару қызметімен бірлесіп, өңірлік өкілдіктер үшін құжаттама мен есептілікті жүргізу бойынша семинар-кеңестер өткізсін.Сондай-ақ Мәулен Айманбетов осы айдың соңында өңірлер бойынша кезекті жұмыс сапарын бастайтынын айтты. Мерекелік демалыс күндерінен кейін Басқарма төрағасы облыстарда жайлы мектептердің құрылыс барысын тексермек. 26 наурызда Астана қаласындағы құрылыс алаңдарын аралауды жоспарлап отыр.