«Қазақтелеком» Достық ауылымен бірге тағы төрт елді мекенді жаңа цифрлық мүмкіндіктерге қосты.
Енді тұрғындар үзіліссіз онлайн білім алып, жұмыс істейді, бір-біріне хабарласып, ақпарат алмасатын болды. Жеке компаниялармен серіктестіктің арқасында «Қазақтелеком» инфрақұрылымды қарқынды түрде дамытып жатыр, әрі Сарыағаш ауданында 1500 отбасына қызмет көрсететін жаңа желі өткізді.
Енді Достық ауылының тұрғындары интернетті шектеусіз пайдалана алмақ. «Қазақтелеком» жыл соңына дейін тағы 5 ауылды интернетке қосуды жоспарлап отыр. «Қазақтелеком» сапалы байланысты әрбір үйге жеткізуді көздейтін басты міндетін іске асыруда.